Ғ-ға – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Ғ-ға» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1196
Екпін бар деп, үніңде
Ерсі көрді бір апам,
Не дарытса – бойымда,
Мен емеспін сұратқан!
Бергенін алдым иемнің...
Аян боп келсе боз таңнан
Саумал жырды саулаған
Сауа алмай қалай тұра алам?
Ұйқас қуып, қиналып,
Жан емен сөз құраған.
Батаңды берші, аға ақын,
Батасыз қалай жүре алам?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері