Хабарсызбын жағдайыңнан мен мүлдем
- 0
- 0
Сені іздеймін бұрын жүрген жолымнан,
Қайта айналып келер ме деп соңымнан.
Әлде біреу ұстап жүрме қуанып…
Ең алғашқы мен ұстаған қолыңнан ?
Бұл бетте «Қараймын» атты Саят Қайратұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сені іздеймін бұрын жүрген жолымнан,
Қайта айналып келер ме деп соңымнан.
Әлде біреу ұстап жүрме қуанып…
Ең алғашқы мен ұстаған қолыңнан ?
Қақ жарады жүрегімді қара түн,
Сенің орның ерекше екен алатын.
Ащы неге қоштасудың күйігі,
Тәтті неге естеліктер қалатын?
Жүрегімді тамаша шуаққа орай,
Ғашық болғым келеді !
Бірақ қалай ?
Сүйіп кіріп кеудемді қиып шығып,
Ғашық болған бұл өмірде жаман ба?
Демеу керек саған және мағанда.
Бар өкпені артайықшы заманға,
Адам керек бәрібірде адамға.
Жүрегім жалғызсырап алаңдама,
Мені ойлайтын бір жан бар, Анам ғана!
Ол қорғаушы періштем өмірдегі,
Туылғандай қарайды маған жаңа.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі