Жете алмадым – Саят Қайратұлы

Бұл бетте «Жете алмадым» атты Саят Қайратұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Санамды улап сар уайымға салындым
Көңілімде тоқтамайтын қалың мұң
Жанарымда жарқыраған жалынды
Өшіріп ап мұң шеріме малындым

Тағатсыздық жете мекен түбіме
Жете алмадым шыдамдылық түбіне
Сан мəрте рет тұрып қайта шалындым
Жармасқандай балағына жалынның

Күйіп бірақ артынан соң ес жыйдым
Тағдыр дедім жазғаны деп өмірдің
Суып кетті адамдарға көңілім
Бұдан кейін өзгерер деп өмірім

Жаңа бағыт жаңаша бір серпіліс
Көңілімде алай дүлей талпыныс
Көргенім бе туйгенімбе білмеймін
Əйтеу менде үрей менен қорқыныш


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар