Жолаушы
- 0
- 0
Бұл өмірге кім келіп, кім кетпейді...
Қанатты құс, қар жауса, дірдектейді
Қанжығасын қандаған жолаушыдай
Белден асып бесінге Күн беттейді.
Бұл бетте «Ата заң» атты dias7a жазған ата туралы өлең берілген.
Кейде менің кеудемде жын ойнайды...
Мені момын, жуас деп кім ойлайды?
Қарымбайдың қалтасын қағып-сілкіп,
Шыбыртқылап аламын Шығайбайды!
Менің əнім Алланың алғысындай,
Бау-бақшада сайраған таң құсындай!
Тамылжытып таң құсы сайрағанда,
Қапастағы ой қалайша қалғысын жəй?!
Мен Құдайдың құлымын, ұлы емеспін,
Ұл болуды /құл емес/ тілемес кім?..
Құрсағынан шыққалы жан анамның
Қыр соңынан қалмаймын ұлы Елестің!
Өлген қайтып келе ме?
Тіріле ме?
Келер болса тірліктің құны неде?!
Жерде қанша «қуыршақ құдайлар» жүр..,
Нұрдана
Өте керемет жаттау
Нұрдана
Не бұл
Нұрдана
Жақсы
Рамила
Конситутция жайлы такпак керек еды.
Жания
Оте жаксы олен????