Алғашқы кездесу –
zekeshov
Бұл бетте «Алғашқы кездесу» атты zekeshov жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келесiң көз алмай жерден бiр,
Ұялдың - кездесу алғашқы.
Мен келем, жүзiм - нұр, кеудем - жыр,
Көңiлдi бiр ғажап ән басты.
Көз алмай қараймын бейнеңе,
Сен бе деп жанымда расында.
Үндемей келесiң сен неге?
Бейтаныс деп ұяласыңба?
Қайтсем мен көңiлiн табамын?
Ойлаймын. Бұл да өзi қиын iс!
Жанармен түйiстi жанарым,
О,тоба! Не деген жымиыс?!
Жанбысың кез болған бағыма,
Сендей жан мен үшiн керегi.
Мүмкiндiк болса егер тағы да,
Кездескiм өзiңмен келедi.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі