Өлең, жыр, ақындар

Шеберді шебер дегенше,алланы шебер десейші

Жаратқан жетпіс ғаламды,
Құдіреті күшті бір Алла.
Сүйікті құлы адамды,
Жаратты беріп ой-сана.
Ақылға сана кеңесші,
Құдірет бұл неткен десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десейші.
Жаратты сансыз тіршілік,
Жан берді соның бәріне.
Құрт-құмырсқа, аң мен құс,
Бойлады өмір нәріне.
Ақылға сана кеңесші,
Құдірет бұл неткен десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десейші.
Өмірдің заңы алмасу,
Тіршілік тұрар жаңғырып.
Таразы басын тартады,
Жаңаның орны қабарып.

Ақылға сана кеңесші,
Құдірет бұл неткен десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десейші.
Бәріде Алла қолында,
Бергенін қайтып алса да.
Сабырлық керек адамға,
От пенен суға салса да.
Ақылға сана кеңесші,
Құдірет бұл неткен десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десейші.
Сүйген құлын сынайды,
Жаратуы күшті жаратқан.
Сақтансаң ғана сақтайды,
Айтусыз келген апаттан
Ақылға сана кеңесші,
Құдірет бұл неткен десейші.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз