Тырысып көр – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Тырысып көр» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1375
Сарқып алма, өзiңдi, сарқып алма,
Тырбын, тырбын арбаңды тартып алға.
Тәуекел мен тәубәнi жолдас етiп
Дем бер, үлгi өзiңдей жартыларға.
Тырысып көр, әлi де, тырысып көр
Жазылғанша, жоғалып, кiр iсiктер.
Ал сонда соң, содан соң бiр той жаса
Жарылғанша сол қарын бiр iшiп көр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері