Ел бірлігі – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Ел бірлігі» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 2
  • 13025
Кең-байтақ жеріміз,
Татулық тұрағы.
Бауырмал еліміз,
Ынтымақ ұраны.
Жаңғыртып даланы,
Шырқап ән салады.
Халықтар достығы –
Бірліктің қамалы.
Қызыққан шартарап,
Береке – тірлігі.
Құрған сән-салтанат,
Жарасқан бірлігі.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (2)

Нурс

Керемет шыққан

Сезім

Ұлсезім

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері