Күлімдеші сұлуым – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Күлімдеші сұлуым» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күлімдеші сұлуым

І. Үйленгелі өзіңмен бақытты сездім,
Сұлу жарым жанымда, күліп көз ілдім.
"Танымайтын бір қызға мойын бұрдың" - деп,
Қызғаныштан бұртиып, үндемей тұрсың.

Қ-сы:
Неге сені жылатып алдым мен еркем?
Күлкің үшін бола ма мың бір гүл берсем?
Әлде саған ғажайып ертегідегі -
Зәулім үйдей бола ма, сарай сап берсем?

ІІ. Сен жүргенде үйден бір жылулық сездім,
Балқытады денемді сыңғырлы күлкің.
Ұл-қызымның "әкелеп" құшақтағаны,
Баға жетпес зор нығмет екен түсіндім!

ІІІ. Тек өзіңмен келеді бірге қартайғым,
Бақыт деген "отбасым" екен байқадым.
Күлімдеші жан жарым, күлу - садақа,
Ақ некені кірлетпей, сақтайық жаным!

Гүлмекен Қасенбайқызы
25.01.2026


Пікірлер (1)

Арука

Қарапайым өмір көріністері арқылы оқырман жүрегіне жылы әсер қалдырады екен

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар