Аруақтың сәлемі – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Аруақтың сәлемі» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 537
(1774)

Мұнарада, құм жарда,
Аруағы тұр серінің.
Желкеңді көріп қалғанда,
Жаңғыртады өр үнін.
«Қайнап қаным кеудемде
Қорғасын қол түйілген.
Шымырлап тамырым денемде.
Тасқа талай шүйілгем!
Бұрқандым жайсаң өмірде,
Лайсаңды да көп көрдім.
Желкенім, өрле өріне,
Шайқаса да көк толқын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері