Домбырам менің – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Домбырам менің» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 3016
Домбырам менің,
Осынау сырлы пернеңнен,
Тарихты көрем, көшіп барады керуенмен.
«Елім-ай»-лап кеп, қара көзінен жас тамған,
Күй болып сонсоң күңіренеді шер-кеудең.
Үніңнен сенің таудың да тасы балқыған,
Сағымдай далам, Сарыарқа болып шалқыған.
Даламның үнін, анамның тілін ұқтырған,
Қазақтың күйі-ай, қадірің құнды алтыннан.
Үніңмен сенің қойнауын ғасыр аралап,
Кетемін еріп, шежіре-күйді саралап.
Бар тылсым сенің қос ішегіңе сыйып тұр,
Домбырам – мұрам, қазаққа біткен дара Бақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері