Өлең, жыр, ақындар

Пəк қыз!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Көше аралап,көңіл суып қар-мұзда,
Келе жатып көзім түсті бір қызға.
Келбетімен нұрландырар көңілді,
Теңер едім оны жарық жұлдызға.

- Пəк қыз!
Жүректі жаралайтын ақ қыз.
Жер бетін нұрландырып,
Сіз қайдан келе жатсыз?!

- Ұқсатқандай боласыз таныс қызға,
Жақынбыз ба,білмеймін,алыспыз ба.
Сізге қарап бір жылу сезгендеймін,
Кешіріңіз,бірақ біз таныспыз ба?

- Айналаға қараймын шуақ көріп,
Жүрегіме сырымды бірақ көміп.
Шөлдеп еді бұл жүрек махаббатқа,
Сусындатып,көзін ашты бұлақ келіп.

Үндемедім,ештеңе айта алмадым,
Көңілім де болмады айтар бəрін.
Құлазыған көңілім бұрынғыша,
Қала бермек осылай қайта арманым.

Айналаға жөнсіз көп қарамайды,
Ғашық жүрек егізін таба алмайды.
Ғашық емес кетеді,ғашық болса,
Шын сезімді шынайы бағалайды.

Нұр шашқандай ақ келбеті түнекте,
Ашық мінез,ұқсап нəзік жібекке.
Көзбен көрген ұмытылмас ғажайып,
Ақ сезімдер сақталады жүректе..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пəк қыз! өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Ахатов — осы өлеңнің авторы.

Пəк қыз! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Пəк қыз! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Ахатов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пəк қыз! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.