Ақбира – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақбира» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1168
Қамқалы-ау, бөрік кидің-ау, қиығынан,
Ақбира-ай,
Біреуге-ей, біреу күлді-ай, миығынан-ай.
Біреуге-ау, біреу жақын-ау, болады екен,
Ақбира-ай,
Өзінің құйқылжыған қылығынан-ай.
Ақ көйлек, қызыл шарқат бұландайсың,
Дүние өтер десе тіл алмайсың-ай.
Басыңа ақ жаулықты салғаннан соң,
Ешкідей жан жүрмеген бұраңдайсың-ай.
Анаңнан айналайын, сені өсірген,
Қос мерген атар бойлап ду-ду ерген-ай.
Өзіңді қос атпенен іздесем де,
Таптырмас сендей ерке қасын керген-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері