Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1520
Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған,
Тағдыр білер, қайда барып бұйырам?..
Өзегіңді жарып шыққан, әйтеуір,
Ей, табиғат, бір өзіңе сиынам.
Құмға сіңір, мекенім жер лайым,
Көлге жеткіз, меруерт боп тұнайын.
Ей, табиғат, сен анасың, бір тамшың
Зая кетсе, жалғыз саған уайым.
Тамшы туар, шырағданың, шырайың,
Аман болсын қара Жерің, Күн, Айың!
Мен – балаңмын, сені біреу мүсіркеп,
Аяр болса, жалғыз саған уайым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері