Ақдариға (2­ нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақдариға (2­ нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1956
Базардан базар барып қауын алдым,
Бешпенттің асыл қара бауын алдым.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!

Жасқанып жардан безіп жүргенімде,
Күлім көз, оймақ ауыз тауып алдым.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!

Аспанда ай бірдей ме жұлдызбенен,
Шын қамшат түрі бір мен құндызбенен?
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!

Жарамсыз қай кісіні кім мақтайды,
Қоңыр қаз жапалаққа ілгізбеген.
Әй, үгәй, Ақдариға-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері