Ахау, Айым – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, Айым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2150
Ей, қалқа, жақындығың жандай еді,
Құрбының өзің теңді маңдайы едің-ай!
«Мырза шоқы жарлығы» тұрар тиіп,
Кетпейді тәтті лебің таңдайымнан,
Беу, шіркін, ләззаты бар балдай еді-ай!

Қайырмасы:
Ахау, Айым, қалқатайым,
Көзіңнен мөлдіреген, ей,
Айналайын-ай!

Мінгенім дәйім менің құла қасқа,
Қаздырдым қырдан құдық құламасқа-ай!
Қосылған қиуадан қимас қалқам,
Беріп кет орамал шыт жыламасқа-ай!

Қайырмасы:
Ахау, Айым, қалқатайым,
Көзіңнен мөлдіреген, ей,
Айналайын-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері