Ахахау, арман – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахахау, арман» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1385
Көзіңнен, айналайын, күлімдеген,
Қадірің бірге өскен соң білінбеген.

Қайырмасы:
Ахахау, арман-ай,
Ей, сәулетай,
Құмармын саған жалған-ай.

Судағы сүңгуір үйрек, қарағым-ай,
Салсам да көлге қармақ, ілінбеген.

Қайырмасы:
Ахахау, арман-ай,
Ей, сәулетай,
Құмармын саған жалған-ай.

Қамысы қызыл көлдің селдіреген,
Жүрегім сен дегенде елжіреген.

Қайырмасы:
Ахахау, арман-ай,
Ей, сәулетай,
Құмармын саған жалған-ай.

Аққудың балапаны секілдім-ай,
Көзіңнен, айналайын, мөлдіреген-ай!

Қайырмасы:
Ахахау, арман-ай,
Ей, сәулетай,
Құмармын саған жалған-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері