Әупілдек – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әупілдек» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2553
Қар басты Әупілдектің қамыстарын,
Айтады әркім көрген хасірет, зарын.
Түседі қайғылыға қара тұман,
Кім білер соның қашан ашыларын?

Қайырмасы:
О-ой, и-ги-ги-ги и-ги-гай, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, и-ги-гай, а-а-ай.

Қыстайды Әупілдекті қалың қарға,
Жан болып сөз сөйлейді амал бар ма?
Қаз бенен қарға жолдас бола ма екен,
Замандас, бұған табар қайлаң бар ма?

Қайырмасы:
О-ой, и-ги-ги-ги и-ги-гай, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, и-ги-гай, а-а-ай.

Хат жаздым қалам алып, Сыздық аға,
Әр жерде көріп жүрсіз қымбат баға.
Шығарған ұшлу сөзді кім десеңіз,
Баласы Дарабайдың Дамеш бала.

Қайырмасы:
О-ой, и-ги-ги-ги и-ги-гай, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, и-ги-гай, а-а-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері