Өлең, жыр, ақындар

Гауһар тас (3-нұсқа)

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 3226
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.

Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.

Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бекзатым

  • 0
  • 0

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Толық

Жігіттік

  • 0
  • 0

Ой-ги-ги, дай-ги-ги,
Дай ги-ги-ги-ги-ги-ги.
Әй!
Жігіттікте біз жүрміз сері болып,

Толық

Қоғалы көл (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Ауылдың қонған жері-ау Қоғалы көл,
Қоңыр қой, қозысы өлмес-ау, болады төл.
Дөңіне Қоғалының-ау, шыға келсем,
Алдымнан қоңыр-салқын, ай, соғады жел.

Толық