Ескі ән (3-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ескі ән (3-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1489
Пендеге, тәңір сүйсе, дәулет берер-ай,
Дұшпаның қызмет қылып, соңына ерер-ай.
Басыңа бақыт, дәулет қонған күні-ай,
Дос болып, кеткен дұшпан соңыңа ерер-ай.

Шын досың көзге емес, сырттан мақтар,
Досыңның сыртын қойып, ішін ақтар.
Сыртыңнан әр ісіңе қамқор болған,
Күндерде қиын-қыстау сенімді ақтар.

Жібекті бос өрсең де, бөз болмайды,
Алтынды боясаң да жез болмайды.
Мысалы әр нәрсенің, міне, осындай,
Өжетті кемітсең де ез болмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері