Жез оймақ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жез оймақ» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1621
Астымда атым мінген боз ойнақтай,
Жиып бүгін түнде қыз ойнапты-ай.
Ішінде ойнағанның өзім жоқпын,
Орнынан тауып алдым жез оймақты-ай.

Келеді екі құлан оттай-оттай,
Көрмедім жер сауырын оймауыттай.
Есіме сен түскенде, асылым-ай,
Аяғым баса алмаймын шідерлі аттай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері