Кәмшат бөрік (3 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Кәмшат бөрік (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1588
Қалам алып хат жаздым мен қиялдап,
Бүркіт салған жүреді тау қиялап.
Жапан түзге сіз біткен бір бәйтерек,
Бұтағына жүрмесін қарға ұялап.

Қайырмасы:
Кәмшат бөрік қыз болды-ай,
Қара жол ма дегенім.
Шұбырынды із болды-ай,
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім сіз болды-ай.

Алтыным-ай дегенге алтыным-ай,
Ақ дидарын көргенде балқыдым-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Сәу-саламат жүрмісің, жарқыным-ай?

Қайырмасы:
Кәмшат бөрік қыз болды-ай,
Қара жол ма дегенім.
Шұбырынды із болды-ай,
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім сіз болды-ай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері