Келіншек (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Келіншек (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1680
Алдында есігімнің қамыс пішен,
Япыр-ау, қыз күніме қашан түсем-ау.
Жаманды жер соқтырып кетер едім-ау,
Сен болдың аяғыма болат кісен.

Алдында есігімнің томар толмас,
Қоспаған өз теңіме әкем оңбас-ау.
Жаманды жер соқтырып кетер едім-ау,
Атамның ақ батасын бұзып болмас.

Ау! Ау-ай!
Қоя ғой, бөпем,
Жылама, бөпем, әлди-ау


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері