Көңіл құсым – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Көңіл құсым» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 715
Ақ қайыңның жаңа атқан бүршігі едім,
"Көктемнің күні маған күлші " дедің.
Өзіңсіз мына әлемді елестетсем,
Жабығып жан дүнием түршігемін.
Кетпеші жыраққа ұшып көңіл құсым,
Тұрағы жүрегімнің өзіңбісің.
Қалай ғана тоқтатам Тәңірім-ай!
Сен жаққа жетелеген сезім күшін...
Алтындай қап түбінде жарқыраған,
Өзіңсіз қалай ғана шарқ ұра алам.
Жарық күн шұғылаңды төгілдірші,
Жаныма көлеңкелі қалтыраған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері