Болса – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Болса» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кең пейілді атаң мен
әжең болса,
Мейірімді әкең мен
анаң болса,
Ешкім сені шертпейді
маңдайыңнан.

Алдыңда аға, артыңда
інің болса,
Алдыңда апа, артыңда
сіңілің болса,
Сескенбейсің жұмыстың
қандайынан.

Жаны ашитын жездең мен
жеңгең болса,
Олар да қамыңды ойлап
келген болса,
Хабардар болсын сенің
мән-жайыңнан.

Жаныңда жан аямас
досың болса,
Көңілдің қай кезде де
қошы болса,
Тұрады бал төгіліп
таңдайыңнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері