Еңбекпен бол жолдас! – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Еңбекпен бол жолдас!» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болсаң сөзді ұғар,
Білгін! Ұғын! Үйрен!
Жақсылықты құп ал,
Жамандықтан жирен!

Қара оңды-солды,
Қылма көзден таса.
Ебін білсең болды
Қолдан келсе – жаса!

Шық сыбанып қолды,
Бол еңбекпен жолдас.
Тек кіріссең болды,
Бітпейтін іс болмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері