Менің атам – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Менің атам» атты Ақылбек Шаяхмет жазған ата туралы өлең берілген.

Мейірманды жүрегі,
Атамды ел біледі.
Кездескеннің барлығы,
Сәлем беріп жүреді.

Ауылдағы төбені,
Атам жақсы көреді.
Бала біткен жиналып,
Соңына оның ереді.

Сол төбеде кіл «бұзық»
Күресеміз шын қызып.
«Итжығыс!» – деп атамыз,
Жібереді тұрғызып.

Ал жүлдеден әдемі,
Барлық бала дәмелі.
Жеңілсе де, жеңсе де,
Атам кәмпит береді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері