Күлдарай (Гүлдарай) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Күлдарай (Гүлдарай)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1593
Салғаным оң қолыма алтын жүзік, алтын жүзік,
Аққуым көл дария жүрген жүзіп, Күлдарай.
Қолымнан сен қапыда кеттің ұшып, кеттің ұшып,
Алайда кеткенім жоқ күдер үзіп, Күлдарай.

Қайырмасы:
Күлдарай, гүл-гүл шашқан,
Бұлбұл құстан.
Не пайда өнері жоқ,
Шіркін, жастан, Күлдарай.

Тоғайдан кесіп алған тал сойылым,
Ылақтай жарға ойнаған қалды ойыным, Күлдарай.
Сұқсыр үйрек секілді, асыл қалқам,
Жүрмісің аман-есен, қаз мойындым, Күлдарай.

Қайырмасы:
Күлдарай, гүл-гүл шашқан,
Бұлбұл құстан.
Не пайда өнері жоқ,
Шіркін жастан, Күлдарай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері