Ақ сапар алдында – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ақ сапар алдында» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сар дала, сағым жортқан, құба белім,
Қия алмай мойынымды бұра бердім.
Кір жуып, кіндік қаны саған тамған,
Бабамның бабасының тұрағы едің.
Сар дала, сағым жортқан, құба белім,
Мен өскен шыбығыңнан шынар едім.
Бер маған ақ батаңды, аттандырып,
Сәт сапар саулығымды сұра менің.
Сар дала, сағым жортқан, құба белім,
Мөлтілдеп жанарыма тұна бердің.
Келгенше қайта айналып, қош аман бол,
Бақ қонған, қасиетті мұра-кенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері