Раш әже үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Раш әже үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған әже туралы өлең берілген.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1058
Кел, кел бермен гүлдеген жалғыз дәнім,
Мен бесіктен үйреткем Абыз әнін.
Бабалардың ақ жолын кие тұтып,
Биіктерге самғар - деп, нағыз дарын.
Келер ұрпақ қастерлеп,бас иетін,
Жеткіз, жеткіз бабалар өсиетін.
Мынау тұман заманда тарықпастан,
Шуақ қылсын жанына қасиетін.
Өн бойыңа лаулатып намыс отын,
Сүйсінші деп бесіктен қалың жұртын,
Мен әуелден сенгенмін,ұлым саған,
Ақтарынды тер төгіп ана үмітін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері