Қажет емес – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қажет емес» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1308
(аударма)

Кораблі қажет емес жырақтың –
теңіз жақты түн жапқан.
Ақ төсекке белгісіндей жұмақтың
шақырасың түу жақтан.
Сенің үнің естіледі бораннан,
жұлдыздар да тұр жауып.
Қайық кетті түн-тұманға оранған
дауыл құшып, мұз қауып.
Бұдан артық тағдыр бар ма -
өңінде
қар үстінде өртеніп,
нүкте қойған жердегі бар өмірге
ажалынан ерте өліп.
Сені ораған құпия түн - пердені,
түсіне алмай сырларын,
қарлы ұйқыны бұзбау үшін жердегі
тірлігімнен мүлде безіп тұрғаным.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері