Қара құр – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қара құр» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1434
Салайын қаршығамды қара құрға,
Түседі жақсы жігіт қалың нұрға.
Көзіңде жастық, мастық әуестеніп,
Құрбылар, көрінгенге көңіл бұрма.

Қайырмасы:
Ха-ла-ла-ла,
Ла-ла-ла-ла-ла-лай!

Дүние қудым сені он жасымнан,
Тартады дүние ауыр қорғасыннан.
Үстінен су төгілмес майда қоңыр,
Танады қартайған соң жорғасынан.

Қайырмасы:
Ха-ла-ла-ла,
Ла-ла-ла-ла-ла-лай!

Салайын қаршығамды қара құрға,
Түседі жақсы жігіт қалың нұрға.
Кезіңде жастық, мастық әуестеніп,
Құрбылар көрінгенге көңілің бұрма.

Қайырмасы:
Ха-ла-ла-ла,
Ла-ла-ла-ла-ла-лай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері