Ләл-лаш-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ләл-лаш-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1151
Мақпалдың шығар бешпент он бір көзі,
Кем көрмен алғанымнан деген өзі.
Леллә, ләллә, Ләллаш-ау.

Ауылың бірге жүрген кетсе басқа,
Асылдың естен кетпейді айтқан сөзі.
Леллә, леллә, Леллаш-ау!

Ақылың жақұт сенің, гауһар көзің,
Шекердей шырынға ұқсас айтқан сөзің.
Күмістей тартқан сымға бейнең раушан,
Көргенім жалғанымда жалғыз өзің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері