Қараөзек шақ

Бұл бетте «Қараөзек шақ» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 899
Қараөзек шақ...
сырласайық тағы бір,
Самайымда қыстың қалған ағы жүр.
Маңайымда жіңішкеріп жуанның,
Жіңішкенің үзілетін шағы бұл.
Кім-кімнің де арқалаған жүгі бар,
Өзің жайлы сыр айтамын, ұғып ал.
Соңғы нұрын сай-салаға сейілтіп,
Күн де сонау көкжиекке жығылар.
Тірлік мынау, адам да аман, мал да аман,
Бала күліп, жадырайды шал маған.
Дәнекерсің дала төсін идіріп,
Қыс пен көктем аралығын жалғаған.
Бұлақтарды арнасында бұлқынтып,
Құрақтарды жар басында сілкінтіп.
Қара жаңбыр құйып өткен кезде бір
Көктер басын шыға келер қылтитып.
Көрдім сені бүршік жарған ағаштан,
Көрдім сені гүлден бүрін жаңа ашқан.
Қараөзек шақ көздің қарашығындай,
Қазбауыр бұлт, жасыл жаға, ақ аспан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараөзек шақ өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қараөзек шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараөзек шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараөзек шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері