Мәдине, бөлем-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Мәдине, бөлем-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1504
Ақ түлкісі Жайықтың аралдағы,
Сен бір шыққан алдымнан марал дағы.

Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.

Ажарыңды көрдім де, қақтым қанат,
Ақиықша шарықтап Оралдағы.

Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.

Мен ақиық Оралдың шыңындағы,
Қызыл түлкі сен, сәулем, қырындағы.

Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.

Ал қызыл гүл асыл зат сылаң етіп,
Алдымнан шық майысып бұралдағы.

Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері