Кабираға – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Кабираға» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 663
(Дастарқан үстінде)

Қыз болса да жігіт қыз,
Соған мойын бұрыппыз,
Қыздай жігіт болмасақ
Жігіт боп неге туыппыз.
«Қызға тізгін беріппіз»
Жігіттер біз де қызықпыз.
Көзі мерген қадалған
Жүрісі бейне киіктей,
Өзі де оқ боп жаралған
Қояр ма жанды жібітпей,
Аласа бойы қарасаң
Биіктей түсер биіктей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері