Өлең, жыр, ақындар

Нұрсұлу (2 нұсқа)

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1813
Білемін жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майданда найза ғой сұлу.
Әдемі өскен төбеде-ай көк шатыр,
Көкте жүзген алтын табақ ай сұлу.

Білем анық жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен май айында жай сұлу.
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте ай сұлу.

Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,
Қош иісті түрлі-түрлі гүл сұлу.
Әдемі аспан, төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.

Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқылдаған айдыннан
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.

Шаңқай түсте өткір алтын күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлі сұлу дүние,
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүлдірген

  • 0
  • 0

Бүлдірген, халық әні
Басыпан Алатаудың арша ап жүрмін,
Аршамды котере аямай шаршып жүрмін.
Бүлдірген,

Толық

Сұржекей

  • 0
  • 0

Мінгенім дәйім менің сұржекейім,
Бүлкілдер әнге салсам көмекейім.
Кіші – іні, үлкен аға бас қосқанда,
Алдында сұржекеймен бір кетейін.

Толық

Қоян

  • 0
  • 0

А, ей, а, ей-ай.
Көкше қоян келесің құмды жанап,
Сүйел аяқ келеді сені қалап, көкше қоян.
А, ей, а, ей-ай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар