Пәни жалған (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Пәни жалған (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1406
Қарағым, айналайын, алтыным-ай,
Көргенде ақ дидарың балқыдым-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің есен-аман, жарқыным-ай.

Қайырмасы:
Аха-хау, пәни жалған,
Бұл пәни екі айналып
Келмес арман.

Қарағым, айналайын, келдің қайдан?
Ала үйрек, алма мойын ұшар сайдан.
Ой, қалқа, мекеніңді айтып қойшы,
Адамның жат болмағы осындайдан.

Қайырмасы:
Аха-хау, пәни жалған,
Бұл пәни екі айналып
Келмес арман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері