Кім? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Кім?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1801
Дабырласып далада,
Балалармен бiр жүр ем,
Аула iшi сол арада,
Болып кеттi дүрбелең.
Қарагер ат шылбырын
Үзiп кете жаздады.
Баса-көктеп бiр-бiрiн,
Қашты көршi қаздары.
Итiмiздiң сасқаны-ай,
Тығылды үйшiк түбiне.
Көк ешкiнiң қашқаны-ай,
Лағына сүрiне.
Дүрлiктiрiп бүлдiрген,
Десем бəрiн кiм екен?
Iшi пысып ойнақтап,
Қызыл бұзау жүр екен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері