Біздің Кеңесіміз – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Біздің Кеңесіміз» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1188
Күнде-күнде сабақтан,
Кешiгедi бiр досым.
Көрiп мұны сағаттан
Түзелмей-ақ жүр досым.
Бiрде бiздер жұптасып,
Оған кеңес берiстiк.
Бiр пiкiрдi құптасып,
Бiз мынаған келiстiк:
– Кешiккенше күнде сен
Бiр қоразды тап, – дедiк, –
Өзiңе-өзiң сенбесең,
Жаныңа алып жат! – дедiк.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері