Жасырынбақ осы ма?

Бұл бетте «Жасырынбақ осы ма?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1223
Күндердiң бiр күнiнде
Жасырынбақ ойнадық.
– Кетiп қалма үйiңе,
Бекер əуре болмайық, –
Дедi Сапақ:
– Алдымен
Мен тығылам, сен iзде!
Көздi жұмып қалдым мен,
Беттi берiп терiске.
– Ал, iздеймiн, сақтан, – деп,
Iздеп жүрмiн жүгiрiп.
Жуық маңнан тапқам жоқ,
Қайда жатыр тығылып,
Ауылды сан шарладым,
Қарап қора, ақырды.
Мен қай жерге бармадым,
Таба алмадым ақыры.
Жүйкелеген күйiмде
Қарным ашып қабысып,
Соға кетсем үйiне,
Отыр Сапақ шай iшiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасырынбақ осы ма? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жасырынбақ осы ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасырынбақ осы ма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасырынбақ осы ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері