Тепловоз

Бұл бетте «Тепловоз» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1419
Вагон-вагон темiрдi,
Вагон-вагон көмiрдi,
Вагон-вагон бидайды
Тiркеп алып, зулайды!
Солқылдатқан даланы
Үнi жетер алыстан.
Iлесе алмай қалады,
Оныменен жарысқан.
Арынды да екпiндi,
Зулап қастан өтедi.
Басыңдағы бөркiңдi
Ұшырып та кетедi.
Əр вагоның – бiр дəу үй.
Əрбiр үйде – жүз адам.
Əр поезың – бiр ауыл,
Жүрген сайын ұзаған.
Зулайды жер төсiнде,
Мейлiң жазың, қысың бар,
Бiр тепловоз өзiнде
Жүз мың аттың күшi бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тепловоз өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Тепловоз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тепловоз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тепловоз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері