Қуанды егін – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қуанды егін» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1260
«Бидай қурап қалар ма екен,
Ыстық күнге күйген танап...»
Мен жүремiн жаным ашып,
Өзiм сусап жүргендей-ақ.
Жауын жауды бiр күндерде,
Сол жайымды бiлгендей-ақ.
Бiр жолғы осы тiлегiмдi
Құлағына iлгендей-ақ,
Мен қуандым,
Қуанды егiн,
Бұлт-анасы келгендей-ақ.
Базаршылап ұзақ жүрiп,
Жаңбыр əкеп бергендей-ақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері