Шатыр – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Шатыр» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1206
Темiржол бойы бағана,
Сымында көктем құстары.
Жып-жылы қазiр далада,
Дала да үйдей қыстағы.
Шырақ боп мың-сан гүл жанып,
Лапылдай түсiп жон жатыр.
Жапырақ жайған бүр жарып,
Емендер – жасыл қол шатыр.
Көктемнiң бала жаңбыры
Көшеге шықса жүгiрiп.
Астына емен шатырдың
Қаламыз бiздер тығылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері