Қос қалам — қос жанарым – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Қос қалам — қос жанарым» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1178
Ұстап, елдің, алға атын,
Қанат жайып, самғайтын.
Айдындағы қос аққу -
Астанам мен Алматым.

Ей, Алматы, асқағым,
Таңырқатып тастадың.
Астанаға кигіздің,
Алтын тәж ғой, бастағың.

Сарыарқаның сауырын,
Мекен еткен бауырың.
Қос жанардың бірі еді,
Ортақ - отан, ауылың.

Жамандықты жасқаған,
Арманға жол бастаған.
Алып батыр сияқты,
Көк тіреген Астанам.

Қарашығым - қос қалам,
Дұшпанға да, досқа да ән.
Қазақстан дейтұғын,
Екеуіңді қосты анаң.

Аймалайды азат күн,
Қалаларым ғажап тым.
Алматы мен Астана -
Қос жанары Қазақтың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос қалам — қос жанарым өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Қос қалам — қос жанарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос қалам — қос жанарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос қалам — қос жанарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері