Бұл дала – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Бұл дала» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1023
Бұл дала күлді талай, жылады да,
Келеді күй әуені құлағыма.
Чикаго қаласына қызықпаймын,
Құмартпаймын Альбион тұманына,
Алматы жеткізеді мұрадыма.

Төбесі ақша бұлтқа өрмелеген,
Көкке діңгек үйлерді көрмеген ем.
Астанада кең басып жүремін мен,
Зәулімдерге илікпес кеудеменен.

Бауырым, жолдасымдай жалпы халық,
Болсын деп болашағым жарқын анық.
Аяймын Боливиялық бүлдіршінді,
Нан іздеген дорбасын артып алып!

Шетелде адам ұлы адамды алдап,
Жатқанда қорғасын оқ, ажал жалмап.
Қайғыдан – ауырамын және содан,
Жазыламын ырысты Даламды ойлап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері