Тамшы жас – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Тамшы жас» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1399
Тамшылаған тамшы жас,
Тама берме көзімнен.
Тиген болса тасқа бас,
Қате кетті өзімнен.

Өз жанымды қинайын,
Өз жолымды табайын.
Есімді өзім жинайын,
Есіркеме, ағайын.

Бұл өмірден мен кетем,
Талқан болар төзім де.
Жылап тұрған мен бе екем,
Жылап тұрған көзім бе?

Тереземді ұрғанмен,
Тесілмейді әйнегім.
Малмандай боп тұрғанмен,
Тез кебеді көйлегім.

Жалаңаяқ шық кешкен,
Балалығым қалды артта.
Қайғылар да шықты естен,
Ұмытылды бақыт та.

Тамшылаған тамшы жас,
Сырғанайсың бетімде.
Мен қабір боп қара тас,
Қалам жолдың шетінде.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері