Таңертеңгі смена – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Таңертеңгі смена» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1383
Ұйқы жаншып қажып қалған денені
Келеді алып тіршіліктің өлеңі.
Келеді әне, қайсарлығы шахтердің,
Әзілі мен анекдоты келеді.
Қандай ғажап күлгені оның күркіреп,
Сол күлкімен қалады өзі бір түлеп.
Клеттерге түсіп бара жатады
Шахтерлердің қайраты мен атағы.
Ызғарлы ауа қалар сонда қойыла,
Көмір иісі желпиді алғаш бетіңді.
Тізілген шам штректің бойына
Керзі етіктің жез шегесі секілді.
Одан әрі Лава жатыр – тұнған шаң,
Қайт ізіңмен бетті басып бұлдансаң.
Керілесің бірер күрек салғанша,
Содан кейін сөне алмайсың бір жансаң.
Кеше койған тіреуінді қайта өңдеп,
Күйбендейсің қолқабың мен балтаңды ап.
Маңдайыңнан бүгін тамған тамшымен
Қара вагон шығар толып қайқаңдап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері