Жер – кеме

Бұл бетте «Жер – кеме» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1276
Қара жерді кеме қылып берген құдай адамға,
Жолға салып қоя берген түпсіз ғарыш, ғаламға,
Бір кемеде жаның бірге адамзаттың баласы,
Аман- есен жүзіп жетер шегіңді ойлап амалда!
Бір кемеге міндім неге, кіммен деме, күндеме,
Кіммін деме, көп үндеме, жынның отын үрлеме,
Жазмыш солай, үрейленіп бір –біріңнен бекерге,
Міней берме, ірей көрме, мінгендерің бір кеме!
Кілтін бұрап көрген бар ма өмірдің һәм өлімнің,
Жеңдім деген желігі ғой тым менменшіл көңілдің,
Адамзаттың жер – анаға байлап қойған тағдырын,
Таласпаңдар, бұл кеменің ұстайды деп рөлін кім !?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер – кеме өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Жер – кеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер – кеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер – кеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері