Үрей мен үміт – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Үрей мен үміт» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1989
Дүние дүрліккенде дүлейлене,
Буады бойымызды үрей неге?
Жегідей жеп қояды уайым жанды,
Үгіліп өз-өзіңнен жүдей берме!
Бермесе пенде қоғам тілегіңді,
Өкпемен улай берме жүрегіңді,
Қаймықпай қиындықтан қимылдай бер,
Құдайдан үзе көрме күдеріңді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері